Жамбыл облысындағы ормандар қорғаныс министрлігіне берілмек
Жамбыл облысында аумағы 5 мың гектардан астам орман алқабы қорғаныс министрлігіне берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры санатынан жалпы көлемі 5300 га жер учаскелерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы үшін қажетті жер санатына, ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге де мақсаттағы жерлер санатына жатқызылсын", — делінген үкімет қаулысының жобасында.
Қаулыда бұл жерлердің облыс әкімдігінен қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының қарауына берілуі тиіс екені айтылған.
Құжат 31 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”