Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атқора секілді: Жамбыл облысындағы "Қазгидромет" мамандарының отырған кеңсесі көпшіліктің талқысына түсті

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында “Қазгидромет” мамандары 13 жылдан бері қирайын деп тұрған ғимаратта жұмыс істеп келеді. Қабырғалары құлайын деп тұрған мекемені көшіру жұмыстары әлі күнге кешігуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұпыны жағдайдағы бұл мекемеде "жаңатас" метеорологиялық станциясы орналасқан. Тұрғындар күн райын болжап, телефонға келетін хабарламаны осындай ғимаратта дайындайды дегенге сену қиын екенін айтады.

“2021 жылдан бастап ғимарат апаттық деп танылды. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылғы ақпанда оны жаңа орынға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Себебі қазіргі орналасқан жері басқару құжаттарының талаптарына сәйкес келмейді және ғимаратқа жөндеу жүргізу мүмкін емес. 2022 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы және Жаңатас қаласының әкімдіктеріне "Жаңатас"  метеорологиялық станциясына жаңа жер телімін бөлу туралы хат жолданды”, – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова. 



Қызметкерлер ғимарат жағдайын билікке бір жылдан бері ескертіп келе жатқандарын айтады. Бірақ нәтиже болмаған. Алайда қала әкімі мұны жоққа шығаруда.

“Аталған өтінішке сәйкес қала аумағынан "Қазгидромет" мекемесіне төрт жер ұсынылды. Сол мекеменің таңдаған жері қазіргі таңда берілді”, – деді Жаңатас әкімі Дүйсенәлі Борсықов.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 14 Шілде, 2022 08:55
Талқылау