Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Фото: istockphoto.com
Жамбыл облысында жүкті әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соттың мәліметінше, оқиға 2024 жылдың тамызында Қордай ауданы, Масаншы ауылында болған. Тұрғын үйдің ауласында сотталушы мен оның жұбайының арасында отбасылық-тұрмыстық жағдайларға байланысты жанжал туындаған. Жанжал кезінде сотталушы, жұбайының жүктi екенін біле тұра, тескіш өткір затпен әйелдің мойнының артқы тұсынан соққы жасаған. Жәбірленуші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.
Сотталушы Ш өз кінәсін мойындаудан бас тартты.
Алайда сотталушының кінәсі оқиға орынын қарау хаттамасымен, куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдермен дәлелденді.
Прокурор соттан айыпталушыға18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен айыпталушы Ш кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда бұрынғы әйеліне қастандық жасап, кеңсесінде қатігездікпен өлтірген ер адам 15 жылға сотталған еді.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
