Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жеті жасар баланы ит талады

Қаратау қаласында 7 жасар баланың беті мен аяғын ит талап тастады. Балаға шұғыл ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

фото: Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген. Тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.

“Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
"Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр",- деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан. 

Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр. 

Бұған қоса құтырмаға қарсы екпе жасалып, антибиотиктер тағайындалған.
 

Талқылау