Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жарылыстан соң ауа зиянды заттарға тексеріліп жатыр

“Қазгидромет" мамандары Жамбыл облысындағы жарылыстан соң атомосферадағы зиянды заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы тас жолда "Қазгидромет" қызметкерлері зиянды заттардың бар-жоғын тексеру үшін аппараттарды орнатты.

“Қазір біз атмосферадағы ластаушы заттарға сынама алып жатырмыз. Оның ішінде шаңға, азот диоксиді, күкірт диоксид, формальдегид және фторсутектің сынамалары бар. Екі жерден сынама алып үлгердік. Бес жерден сынама алуды жоспарлап отырмыз. Бірінші орыннан алынған сынамалардың нәтижелері бойынша көміртегі оксиді бойынша ауытқу байқалмайды. Қалған ластаушы заттар бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілуде, – деді "Қазгидромет" зертханасының жетекшісі Зәуреш Әбдиева.


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін отставкаға кететінін айтты 


Еске салсақ, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат кешкі 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт болды.

Назерке Мұса
Жұма, 27 Тамыз, 2021 13:10
Талқылау