Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге ескерткіш тақта қойылды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Байзақ ауданында болған апатта жалынмен арпалысқан 10 қызметкер ажал құшқан.

Енді сол батырлардың ерлігі ұмытылмас үшін тараздағы өрт сөндіру ғимараттарының  алдына осындай ескерткіш тақталары тұрғызылды. Оның ашылуына марқұмдардың туыстары мен қызметтес болған әріптестері көптеп жиналды. Сөйтіп бейбіт күннің батырлары жайында көптеген естеліктер айтылды. 

Мемориалға қызмет бабында қаза тапқан 14 құтқарушының есімі қашап жазылған. Оны әскери қоймадағы жалынды ауыздықтаймыз деп ажал құшқандар. Сегіз ай бұрын Байзақ ауданындағы оқ-дәрі сақтау қоймасында жойқын жарылыста 17 адамның өмірі қиылған. 

Төтенше жағдайдың себебі әлі анықталмады.

"Бұл төтеше жағдай елемізде енді қайталанбасын. Елімізге тыныштық береке берсін. Ынтымақ бірлік, ел аман жұрт тыныш болсын. Мұндай естеліктер тек жақсылық үшін тұрғызылуына тілектеспін", –  дейді Тараз қаласының тұрғыны Жұмағали Жарболов.

Талқылау