Жамбыл облысында жаңадан шақырылған әскер терезеден секіріп, көз жұмды
Жамбыл облысындағы казармалардың бңрңнде жаңадан шақырылған әскер терезеден секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат аненттігі қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"82796 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі казарма ғимаратының төртінші қабатының терезесінен секіріп көз жұмды. Жарақат алған ол реанимацияға жатқызылды. 2021 жылы 20 мамырда әскери қызметкер есін жимастан қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады”, – дейді министрлік.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеуге қатысты ақпараттар жария етілмейді.
Көз жұмған әскер 2021 жылы сәуірде әскерге шақырылған. Ол 15 мамырда әскери ант қабылдады.
82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский ауылында орналасқан.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ