Жамбыл облысында заңгер "толығымен кешіріледі" деп адамдарға несие алғызған
Фото: depositphotos.com
Жамбыл облысында заңгер "несиелерді жою" сылтауымен ірі көлемде алаяқтық жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
184 адам зардап шегіп, 100 млн теңгеден аса шығын келтірілген.
“Жамбыл облысында азаматша Натальяға қатысты резонансты қылмыстық іс тергелді. Ол несиелерді есептен шығару сылтауымен ауқымды алаяқтық схемасын ұйымдастырған. Ол жоғарғы заңгерлік білімі бар және Жамбыл заң кеңесшілер палатасының мүшесі бола отырып, халық арасында үлкен бедел мен сенімге ие болған. Әсіресе әлеуметтік қорғалмаған топтардың – аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлердің сенімі ерекше болған”, – делінген бас прокуратураның хабарламасында.
Наталья азаматтарға микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие рәсімдеуді ұсынған. Кейіннен азаматтық сот арқылы бұл кредиттік шарттарды заңсыз деп танытып, борыштарды толықтай жоятынын айтып сендірген.
Оның айтуынша, қарыз қайтарымсыз болып саналған. Іс жүзінде ешқандай заңсыз әрекет жасалмаған. Кредиттер сол күйі қалып, төленбеген. Адамдардың банк шоттары бұғатталған. Тіпті мүлкінен айырылып қала жаздаған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Еске салсақ, Ақтөбеде әйел дүниеге келмеген баласын Даун синдромынан емдеу үшін емшіге 7 миллион теңге несие алып берген.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
