AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында су қызметкері құдықтан шыға алмай қаза тапты

Жамбыл облысында қайғылы жағдай орын алды. "Аса-су" мекемесінің қызметкері құдықтан шыға алмай қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қазір бұл іс жан-жақты тексеріліп жатыр. 

Оқыс оқиға Аса ауылында болған. "Аса-су" мекемесінің 4 жұмысшысы кәріз суы жиналатын құдықты жөндеуге барған. Қалдық суды сорып, бітелген құбырды тазартып болған соң, 56 жастағы сантехник бір затты алу үшін қорғаныш киімінсіз тереңдігі 3,5 метрлік құдыққа түскен. Содан есінен танып жоғары көтеріле алмаған. Құтқаруға артынша екі әріптесі түсіп, олардың да жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ал төртінші адам жақын маңдағы тұрғындарды көмекке шақырып, үшеуін де алып шығады. Ол кезде 56 жастағы азаматтың жүрегі тоқтап қалған. Ал екеуі дәрігерлер қарауынан соң үйіне жіберілді.

"Аса-су" КММ басшысының міндетін атқарушы Мамадияр Арғынбайдың айтуынша, оқиғаның қалай орын алғаны әлі белгісіз. Тексеру қорытындысы шыққаннан кейін түсініктеме беріледі дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр