Телефон үшін ұлын ұрған қазақстандық сотқа тартылды

Фото: depositphotos.com
Жамбыл облысында сот жас баласына күш көрсеткен әкеге қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сарысу аудандық соты кәмелетке толмаған балаға қатысты ұрып-соғу фактісі бойынша Қ есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың шілдесінде Жаңатас ауылында Қ өз үйінде ұлына түні бойы телефонмен ойнағаны және таңертең уақытында оянбағаны үшін ашуланып, оны “тәрбиелеу” мақсатында бетінен ұрған.
Прокурор соттан сотталушыға 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындауды сұрады. Қ өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Жәбірленушінің анасы күйеуін кешіретінін жеткізді.
"Кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және жас баланың болуын жеңілдететін мән-жай ретінде танып, сотталушы Қ.-ға Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігінің 8 тармағы бойынша 100 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындайды", – делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда төрт баланы ұрып-соғып, басын шелекке тыққан өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде