"Адвокаты мықты": Жамбыл облысында сот өгей ұлдарын құлдықта ұстаған ер адамды босатып жіберген
Фото: Әлеуметтік желіден, polisia.kz
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққан Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілген. Істі сот қарайды.
Жәбірленуші балалардың туыстарының айтуынша, балаларды құлдықта ұстаған күдікті Ұзақбай Тұрбаевты сот үйқамаққа босатып жіберген.
Жамбыл облысында құлдықта болғанын айтқан балалардың анасы күйеуін қорғап шықты (видео)
“Жамбыл облысының соты бізге айтпай үйқамаққа босатып жіберген. Ол заң бойынша екі ай бойы қамаудан шықпауы керек еді. Қазір балалар Жамбыл облысында жатыр, балалардың мазасы кетті. Заң қызметкерлері қайда қарап отыр. Мен осыны түсінбедім. Президентке, министрлікке үндеу жолдаймын. Қылмыстық іс бола түрып, қылмыскерді қалай бостандыққа жіберіп отыр. Құзырлы органдар жауап бере алмай отыр. “Адвокаты мықты” дейді. Заң қызметкерлері қайда қарап отыр”, – дейді балалардың нағашы әпкесі.
Айта кетейік, бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, ол қамауға алынған еді. Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажет психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді. Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында өгей әке балаларды құлдықта ұстап, мал баққызғаны туралы жазған едік. Кейінірек полиция күдікті өгей әкенің ұсталғанын мәлімдеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік