Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында шенеунік орынбасарының орнын ақшаға сатпақ болды

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысын ұстады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров онлайн брифингінде айтты.

«Департамент басшысы бұл қызметке тағайындалуына көмектескені үшін орынбасарынан 2 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Тергеу жалғасуда», - деді ол.

Талқылау