Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып кеткен 7 жасар қыздың мәйітін тапты

Жамбыл облысында құтқарушылар атасымен бірге Талас өзеніне батып кеткен 7 жасар қыздың денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қыз мәйіт

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, мәйіт су торабындағы шлюзді көтерген кезде ағыспен бірге ағып кеткен. 

Еске салайық, 23 шілдеде Жамбыл ауданында 17:30-да Талас өзенінде 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Осы кезде су қоймасында атасымен бірге су қоймасында болған 2015 жылы туған қызды іздеу жұмыстары басталған. Олар 17:10 шамасында суға шомылу кезінде батып кеткен. Баланы іздеу жұмыстары түнде тоқтатылып, 05:30-да қайта басталған. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 07:54
Талқылау