Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында қомақты ақша жымқырған прокуратура қызметкері ұсталды

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі.

пара

"Прокуратура қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттерінің алдын алу жұмыстары аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады", - делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хабарламасында.  

Мәліметтерге сүйенсек, қызметкер айтарлықтай қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.


Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір табылмай жатыр 


Ведомство өкілдері қазіргі уақытта қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, тергеудің қағидаларына байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

 

Талқылау