Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында қызметкерлеріне күш қолданған полиция бастығы қызметінен кетті (видео)

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қол астындағыларға күш қолданғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бұрын "Время" газетінің журналисі Михаил Козачковтың Kozachkov offside Telegram арнасында бірнеше бейнеролик пайда болды. Бірінші видеода ер адамның полиция киіміндегі басқа адамды ұрғаны түсірілген. 

Тағы бір видеода азаматтық киім киген ер адамның формадағы полицейлерді артынан қолмен итеріп жатқанын көруге болады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Stan.kz (@_stan.kz) on

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлеріне зиян келтіру фактісіy көрсететін бейнепубликация анықталды. Аталған оқиға 2020 жылдың 4 маусымында Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған.

Осы факті бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ПБ бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметінен босатылды", - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінде.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 16:27
Талқылау