Жамбыл облысында футбол ойынынан кейін оқушыны сыныптастары ұрып өлтірген
Фото: depositphotos.com
Жамбыл облысында футболдан кейінгі жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 10-сынып оқушысы сыныптастарының соққысынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
12 қыркүйекте Шу ауданы, Көкқайнар ауылында 10 және 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан. Футболда кіші сынып жеңіп кеткеннен кейін, үлкен сыныптың бір оқушысы ашуға беріліп, 10-сыныптың оқушысын соққыға жыққан.
Дәрігерлер келгенде жасөспірім алған жарақатынан көз жұмғаны анықталды.
Полиция 16 және 17 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазір істі тергеу жүріп жатыр. Арнайы комиссия құрылып, балаларға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Астанада түнгі клубта 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды (видео)
Петропавлда жасөспірім қызды соққыға жыққан мектеп оқушылары жауапкершілікке тартылмаған
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 11-сынып оқушылары коттеджде мектеп бітіру кешін атап өтіп жатқанда қайғылы оқиға болды. 17 жастағы Әліби сыныптасын қызға қол көтермек болған жерінен тоқтатпақ болып араша түскен. Сол сәтте сыныптастарының бірі оның жүрегіне шампур сұғып алған. Жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Полиция күдіктіні қамауға алды, қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның туыстары оны әскери болуды армандаған, тәртіпті әрі мейірімді бала еді деп еске алды.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
