Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткі сатумен шұғылданған ұлтаралық қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында арнайы операция барысында есірткі сатумен айналысқан ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

есірткі топ

Жамбыл облысында полиция департаменті мен прокуратурасы бірлесіп, есірткі өткізумен айналысатын ұлтаралық қылмыстық топты ұстау үшін операция жүргізді. 

“2022 жылғы 30 қарашада қылмыстық топтың алты қатысушысы бір мезгілде ұсталды. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1,2 келіден астам героин есірткісі, сондай-ақ гашиш есірткі заты, кептірілген марихуана және синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – делінген хабарламада.

Қазір топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылданған.

Талқылау