Жамбыл облысында ерлі-зайыпты арзан ыдыс-аяқ сатып, 200-ден астам адамды сан соқтырды
Фото: Ru.freepik.com
Жамбыл облысында алаяқтар бірнеше айдың ішінде 200-ден астам адамды алдап, 120 миллион теңгеден астам пайда тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байзақ ауданындағы ерлі-зайыпты 2025 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін адамдарға жоқ тауарды сатып, үш айда 200-ге жуық адамды алдаған. Олар WhatsApp чаты арқылы жәбірленушілерге базардағыдан төмен бағада ыдыс-аяқ ұсынып, тұрғындардың сеніміне кіріп, ақшаларын алған соң, ізім-ғайым жоқ болған.
Күдіктілер ұсталды. Қазір қылмыстық іс облыстық полиция департаменті тарапынан тергеліп жатыр және прокуратураның бақылауында.
2025 жыл 4 сәуірде полиция Қылмыстық кодектің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Ерлі-зайыптыға аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін мүлікті тәркілей отырып бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін төрт қазақстандық блогер 2,2 миллиард теңге табысын жасырып қалғаны туралы жазған едік.

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
