Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотта жауап берді

Жамбыл облысының тұрғыны Tik-Tok желісінде жариялаған видеосы үшін сот алдында жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, Мойынқұм аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен (жала жабу) азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

"2023 жылдың қазан айында азамат А. "Tik-Tok" әлеуметтік желісінде жәбірленуші С.-ның жеңіл жүрісті қыз екенін айтып, оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарататын видео жариялаған", – делінген сот хабарламасында. 

Сот барысында айыпталушы А. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші А.-ны кешіріп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен А., әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау