Жамбыл облысында ер адам өзгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: pixabay.com
Жамбыл облысында 10 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей әкесі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала деректерге сенсек, қайғылы оқиға өңірде бала асырап алған отбасылардың бірінде болған. Аталған отбасыда тағы төрт асыранды бала бар. Ал балаға көз жұмғанға дейін де қатігездік көрсетілген деген болжам бар.
Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.
“Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, объективті және толық көлемде өтеді”, — делінген хабарламада.
Талқылау