AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам кәріз құдығында көз жұмды

Жамбыл облысында коммуналдық қызмет маманы кәріз құдығына түсіп, көз жұмды. Тағы екі қызметкер ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Тараздан 28 шақырым жердегі Аса ауылында болды. Үш қызметкер кәріз құдығын тазалауға барған. Ішінде бір адам қорғаныс жабдығын киместен 4 метр тереңдікке түскен. Қалдыбек Базиев есін жоғалтқан кезде әріптестері оны құтқарамын деп, өздері де тұншығып қалған.

"Жұмысшылар құдыққа түспеуі керек еді. Суды арнайы ассенизатор техникасының көмегімен сорып алу керек болған. Мүмкін жұмысшылар тапсырманы тез шешуге тырысып, осындай шешім қабылдаған", – деді "АСА-СУ" КМК басшысының міндетін атқарушы Мамадияр Арғынбай.

Бірінші болып люкке түскен 56 жастағы қызметкер оқиға орнында қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша ол кәріз газымен уланған. Ол коммуналдық қызметте 15 жыл жұмыс істеген. Артында әйелі мен үш баласы қалды.

Тағы екі қызметкер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

"Есінен танып қалмаған, алайда сөйлей алмайды. Қайда екендерін білмеді. Қазір науқастар ем алып жатыр", – деді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Кезембаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр