Жамбыл облысында дала өрті 200 гектар аумаққа жайылды
Жамбыл облысындағы "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" аумағында құрғақ шөп өртеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылғы 2 тамызда Меркі ауданы Ақтоған ауылынан 20 км жерде таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанған.
“Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар (1,5 тонна) Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді (шамамен 16,5 тонна). ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру үшін Қазорманавиакүзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 161 адам, 24 бірлік техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы жұмылдырылған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді