Жамбыл облысында депутаттың күйеуінен жүкті болған оқушы қыз тағы да бала көтеріп қалған
Фото: dzen.ru
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған колледж студентінің жүкті екені белгілі болып, үлкен дау шықты. Себебі бұл жасөспірімнің екінші жүктілігі. Алғаш рет ол 12 жасында зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, аяғы ауыр болып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасөспірімнің бірінші жүктілігі 2023 жылы болған еді. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып, талқыға түскен. Тергеу дерегінше, 12 жасар қызды 55 жастағы ер адам 2022 жылы жыныстық қарым-қатынасқа тартқан. Телефон сыйлап алдап, оқушыға ойына келгенін істеген. Ақыры жүкті болып, анасына бар шындықты айтуға бел буған. Қалтасы қалың күдікті қызды қорқытып, ешкімге айтпауын талап еткен. Анасы қызын қорғап, жасыру мақсатында интернатқа орналастырған. Ал мектеп әкімшілігі жағдайды жасыру үшін қыздың анасына ескертпей, оған түсік жасатқан.
Жамбыл облысында 12 жасар оқушы депутаттың күйеуінен жүкті болған: Сот үкім шығарды
Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалды
Кейіннен бұл дерек бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, алты адам сотталған. Оның ішінде депутаттың күйеуі де бар. Оған сот 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғадан кейін зардап шеккен қызды Тараздағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернатқа ауыстырған. Дегенмен қыз екінші рет жүкті болып қалған.
Жамбыл облысы білім басқармасының мәліметінше, бірінші курс студенті қысқы каникул кезінде жүкті болған.
"Бұл дерек бойынша тиісті органдар дереу хабардар етілді. Жасөспірімнің анасымен жауапкершілік мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ басқарма қазір студентке академиялық демалыс беру мәселесі қаралып жатқанын айтты.
"Білім беру ұйымы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны жүкті етті депайыпталғаны туралы жазған едік. Бұл факті бойынша үш қылмыстық іс қозғалған: қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату және зорлау.

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
