Жамбыл облысында жүргізуші бір отар қойды қағып өлтірді
Жамбыл облысында көлік жүргізушісі бір отар қойды қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 9 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8 шамасында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының 325-шақырымында орын алған. 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны "Hyundai Solaris" маркалы автокөлігімен Алматы қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жол үстін кесіп өтпек болған бір отар қойды абайсызда қағып кеткен.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 қой өліп, 15 мал жараланған. Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақатпен Меркі аудандық орталық ауруханасына жүгінді. Көлік айыптұраққа қойылды”, – дейді Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Мамытбеков.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”