Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында атыс болып, бір адам көз жұмды

Жамбыл облысы Шу ауданында атыс болып, 4 адам жарақат алды. 1 адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атыс Шу

Оқиға 25 қыркүйекте болған. Атыс туралы ақпарат полиция бөліміне 00:18-де келіп түскен. 

"Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Көп ұзамай полицейлер күдіктілердің анықталғанын мәлімдеді. Оқиғаның екі қатысушысы қамауға алынған. Үшінші күдіктіге қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Тергеу нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ. Сондай-ақ тағы бір күдікті қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу салуға жарияланды", – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Саламатов.

Талқылау