Жамбыл облысында ата-анасының рұқсатынсыз мылтықпен құс атқан 14 жастағы бала мерт болды
Жамбыл облысында 14 жасар жеткіншек мерт болды. Ол досы екеуі далада құстарды атқан. Қаруды рұқсатсыз ата-анасынан алған, деп хабарлайды
9 қараша күні Меркі ауданының полиция бөліміне орталық аудандық ауруханадан Тескеноған ауылының 14 жастағы тұрғынының пневматикалық қарудан алған дене жарақаты салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тергеу-жедел тобы марқұмның досымен бірге далада атқанын, қаруды ата-анасының рұқсатынсыз алғанын анықтады”, — деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және зерделеу мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған орай, барша ата-анадан өз балаларына мұқият болуды, заңда белгіленген тәртіпте сізде тіркелген қаруды дұрыс сақтауды сұраймыз!” - деп ескертті полиция департаментінде.