Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әкімшіліктің есепшісі 17 млн теңгеден астам қаражат жымқырған

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің есепшісі 17 миллионнан астам қаражатты ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің (ҚМ) баспасөз қызметі хабарлағандай, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің есепшісінің бюджеттік қаражатты ұрлағаны анықталды. 

Ол Байзақ ауданындағы мектептердің бірінің үш мұғаліміне негізсіз жалақы аударып, ақша жымқырып отырған. 

"Қазіргі уақытта осы факті бойынша, Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің есепшісіне қатысты департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық - қаражатты заңсыз пайдалану және ысырап ету, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау негізінде тіркелген сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеу барысында мектеп директорларына сұрақ қойылды, олар жоғарыда аталған үш мұғалімнің 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сабақ бермегенін көрсетті", - деп хабарлады ҚР ҚМ ҚФ баспасөз қызметі.

Бөлім аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін есепші мүлкін тәркілеумен жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілетіндігін атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр