AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында АӘК алушылар саны 19 мыңға азайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың азайғанын жеткізді. Олардың біразы жұмысқа орналасса, бірқатары өз кәсібін ашуға грантқа қол жеткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 23,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылса, 16,4 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 7,3 мыңы – тұрақты. 426 адам жалпы 1,5 млрд теңге көлеміндегі шағын несиеге қол жеткізсе, өз кәсібін жаңа бастаған 3 мың кәсіпкер қайтарымсыз грантқа ие болған.

Аймақтағы АӘК алушылардың саны 69 мыңнан 50 мың адамға, яғни 19 мыңға дейін азайған. Облыстағы 356 ауылдық елді мекеннің 70-інің тұрғындары (барлығы 140 мың адам) АӘК алмайды.

Бес айдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Орташа жалақы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 144 мыңнан 176,9 мың теңгеге дейін өскен.

Сондай-ақ, спикер облыстың 10 ауданынандағы 11 ауылдық округ қатысқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жобаның нәтижелеріне тоқталып өтті.

Осы жобаның бес бағыты аясында 9,2 миллиард теңге игерілген. Бүгінгі таңда 944 миллион теңге несие қарызы өтелген.

Пилоттық жоба қатысушыларымен 21 мың тонна дәнді және мал азығы дақылдары, 11,2 мың тонна көкөністер мен бақша дақылдары, 12,5 мың тонна ет және сүт өнімдері өндірілген.

Нәтижесінде 589 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар саны 36 пайызға азайды (528-ден 334-ке дейін). Сондай-ақ, аталған ауылдық округтерде АӘК алушылар саны 1058 адамға азайып, 2282 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр