Жамбыл облысында 50 жастағы әйел дәмханада интимдік қызмет ұсынатын притон ұйымдастырған
Жамбыл облысында полиция тексеріс барысында дәмханада ұйымдастырылған притонды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше интимдік қызмет ұсынатын притонды 50 жастағы әйел ұйымдастырған. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арнаоған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетейлық" бабымен іс қозғалды.
Ұсталған әйел кінәсін мойындаған. Қазір міндетті түрде келу туралы міндеттемемен босатылған.
Ал заттай айғақ ретінде қолма-қол ақша мен мобильді телефон тәркіленді.
Талқылау