Жамбыл облысында 13 баласы бар отбасының үйі өртеніп, далада қалды
Фото: Видеодан скрин
Жамбыл облысында 26 қыркүйек күні таңертең 13 бала тәрбиеленіп отырған бір әулеттің баспанасы өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызыл жалын екі қабатты үйдің шатыры мен бір бөлігін түгеледей жоқ қылған.
“Сұмдық-ай! Құдайым! Авинир, сіз ештеңе істей алмайсыз. Артында бәрі жанып жатыр. Өрт кезінде кенеттен бірнеше рет қатты дыбыстар шықты”, – дейді видеода.
Өрт таңертеңгі уақытта тұтанған. Алдымен шөп өртенген. Жалын ауз уақытта шаруашылық құрылыстарға тарап, кейін үйге жеткен. Қызыл жалын таңғы сағат бес шамасында тұтанғанына қарамастан, отбасы түгелдей эвакуацияланып үлгерген. Қазір олар туыстарының үйінде тұрып жатыр. Үйдің кенжесі үш аптаға енді толған.
“Өрттің шығуына жиі бейтаныс адамдар жиналатын қоршау сыртындағы аумақ себеп болуы мүмкін. Ал төтенше жағдайдың нақты себебін қазір мамандар анықтап жатыр”, – дейді үйдің отағасы.
Фото: Видеодан скрин
Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің ресми өкілі Карина Карташованың айтуынша, құтқарушылар оқиға орнына келгенде жеке тұрғын үйдің шамамен 100 шаршы метр аумақтағы жабыны мен шатыры өртеніп жатқан.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 6:57-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

"Қылмыстық істен айналып өтетін жолды тапқан": 50-ге жуық қазақстандық белгілі блогерден ақшаларын қайтара алмай жүр
