Жамбыл облысында шаңды дауылдың кесірінен 11 көлік жол апатына ұшырады (видео)
Жамбыл облысында он бір автокөліктің қатысуымен үлкен жол апаты болды. Оқиға салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны оннан асып кеткен.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды. Апаттың алдын ала себебі, шаңды дауыл екені хабарланды.
Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”