Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 10 жасар екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

Жамбыл облысында 10 жасар екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

9 шілде күні кешкі сағат 18:00 шамасында жергілікті тұрғын 10 жасар екі баланың денесін тазарту қондырғысынан шығарған.

"Ересектер қарауынсыз қалған балалар ойын кезінде суға құлап, батып кетті",  – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үлкендерге балаларды қараусыз қалдырмау, қауіпсіздік ережелерін үйрету ескертілді.

Талқылау