Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысы жасанды өкпе желдеткіштері жетіспегендіктен Ресейден және Өзбекстаннан көмек сұрады

Жамбыл облысында жасанды тыныс алу аппараттары жетіспегендіктен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Ресей және Өзбекстан мемлекеттерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ИВЛ

"Облыста жасанды өкпені желдетудің 148 аппараты бар. Бұл жеткіліксіз. Сол себепті біз Ресеймен, Өзбекстанмен келісудеміз. Жақын арада тағы 50 құрылғыға ие боламыз деп ойлаймын", - дейді Сапарбаев. 

Бұған қоса ол оттегі концентраторы мен мониторлар жетіспейтінін жеткізді. Сөзінше, әкім денсаулық сақтау министрлігінен Жамбыл облысына қаржылай көмек ретінде 5 млрд теңге бөлуді сұратыпты. 

"Аймақта он компьютерлік томография бар. Бұл да жетпейді. Біз әрбір ауданада бір томограф болуы үшін министрліктен көмек сұрадық", - деп қосты ол. 

Сондай-ақ әкім облыста науқастарға арналып 1885 төсек-орын ұйымдастырылғанын айтты. Егер қажет болса, тағы 1500 орын дайындауға болады екен.  

Қазіргі таңда Жамбыл облысының инфекциялық станционарлары тек 71%-ға, ал провизорлы ауруханалар 56%-ға толған. 800 орын бос тұрған көрінеді. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында 1866 адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың 598 аурудан айығып, ауруханадан шығарылған. 

Талқылау