Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордай ауруханасына аштан бұратылған екі бала түсті

Жарымжан балалардың жарақатын жергілікті билік жасырып отыр ма? Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғындары көршілерінің төрт және екі жастағы баласы тойып тамақ ішпей, әкесінен оңбай таяқ жегенін айтып хабарласқан еді. Аштықтан бұратылып ауру тапқан екі бүлдіршін расымен ауруханада жатыр. Ал аудандағы атқамінерлер дәрігерлермен қосылып, «ұрды-соқты» деген ақпаратты жоққа шығарып әлек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" сайтына сілтеме жасап.

бала
"24-ші қазан күні құзырлы мекмелердің келісімінен соң екі баланы бізге алып келді. Жағдайлары орташа болды. Екеуі де арып-ашып, әлсіреген. Балалардың дамуы баяу және салмағы аз. Тойып тамақ ішпегені көрініп тұр. Бірақ, денесінде еш жарақат немесе көгерген белгі жоқ", - дейді Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Иван Черных.

Әкімдік өкілдері мен дәрігерлер әке-шешесінің қарсылық танытқан қолхатын жайып салып, ауруханадағы балаларды тілшілерге көрсеткен жоқ. Ауданның атқамінерлері бүлдіршіндердің «жағдайы жақсы» дегенімен, екі баланы жақын күндері Қордайдан Тараз қаласына ауыстырмақшы. Белгілі болғаны, ауруханада жатқан екі баланың еш құжаты болмаған. Ал қазір үшінші сәбиін босанып перзентханада жатқан анасы – Қырғызстан азаматы.

Ең сорақысы, тойып тамақ ішпеген ұл мен қыз әлі де тағдыр тауқыметін тартып жүре беруі мүмкін. Себебі, келіншектің Қырғызстандағы туысқандары «қызым хабарсыз кетті» деп арызданған соң құзырлы орындар іздеу салып,  кейін отбасын тапқан кезде бүлдіршіндердің мүшкіл халін көріпті.  

"Олар бір жерде тұрақты тұрмаған. Біресе Алматы облысын, біресе осы жақты мекен етіпті. Үлкен ұл мен жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін жасадық. Екінші қызы Қырғызстанда дүниеге келген. Оның да құжаты қалпына келтірілді. Тіпті отағасыны әкелік құқығынан айыру мәселесін жоққа шығармаймыз. Ал анасы Қырғызстан азаматы болғандықтан, сол жақтағы комиссияға жіберіледі", - Қордай аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Алина Почуева.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Скотч байлап қойған": Bek Air компаниясына қатысты сұмдық ақпараттар жария болды

Ең басты туындайтын сауал – осыншама қателік бола тұра, ұшу сертификаты қалай берілген?

"Басы ісіп, көздері шарасынан шығып кетейін деп тұрды": Сарыағашта 9 жасар бала соқырішекке жасалған отадан көзі көрмей, тілсіз қалған

Бас дәрігердің орынбасары кінә әріптестерінен екенін жасырмайды

Елімізде кинотеатрлар қатары артып, алыс аудандарда де кино көрсететін орындар ашылуы мүмкін

Еліміз бен әлемдік прокатқа шыққан туындыларды шалғай елдімекен тұрғындарының тамашалауына мүмкіндік тумақ

СІМ қазақстандық кәсіпкердің Испанияда қайтыс болу себебі түсіндірді

Марқұмның денесі екі-үш күнде жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вирустың Қазақстанда тарағаны туралы хабарламаған жауап берді

Департамент біздің елде мұндай инфекцияның тіркелмегенін атап өтті

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Үкімет тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарының мөлшерін қайта есептейді

Президент жұмыс тобының ұсыныстарын қабылдады

Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттерді елге эвакуацияламайды

230 студенттің жартысы Қазақстанға келіп үлгерді

Скляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтаруы тиіс

Роман Скляр: Мүлкін сата ма, басқа істей ме, ақша қайтарылу керек

Ер адам зираттан кездейсоқ өз қабірін тауып алды

Хэттель құлпытасты оның ескерусіз салынғанын айтты
Çàãðóçêà...