Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жамбасынан сипап, сүйген": Пойызда кішкентай қыздарды азғындады деп сотқа тартылған хоккей федерациясының төрешісі ақталып шықты

Алматыда Қазақстан хоккей федерациясының 25 жастағы төрешісі Ұлан Сариев 9 және 10 жасар қыздарды азғындамақ болып тиісті деген күдікке ілінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сариевті ақтап жіберді. Бірақ Бас көлік прокуратурасы мен 9 жасар қыздың анасы шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа жүгінді. 

Өткен жылы қарашада Павлодар облысында М.Мәметова атындағы орта мектебінің бір топ оқушылары Алматыға пойызбен бара жатқан. Олармен бірге мектеп директорының орынбасары Жарқынбек Пазыл да болды. Сол пойызда Сариев болған және ол сыра ішкен. Түнде купелердің бірінде ұйықтап жатқан 9 және 10 жасар қызға тиіскен.

9 жасар қыздың айтуынша, Сариев оның жамбасынан сипап, оны сүйген. Қыз тығылып, жиырылып, анасына хабарлама жіберген. Анасы Жарқынбек Пазылға хабарласқан, ол бірден купеге келген. Сол кезде Сариев ұйықтап жатқан кейіп танытыпты. Мектеп директорының орынбасары жағдайды анықтап жатқан кезде қыздың ата-анасы Павлодар облысы Успен ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне хабарласып, жағдай туралы айтты. Көп ұзамай көлік полициясы бұл туралы білді.

Тергеу барысын бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Сәкен Жорабеков қадағалады. Ол Ұлан Сариевтің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді деп санайды.

Бірақ Сариев өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол інісі мен қарындасын қатты сағынған. Сондықтан ол купедегі кішкентай қыздарды көргенде, өз бауырларын есіне алып, қыздарға өз қарындасындай қараған. Судья Еркін Майшынов оны ақтап шықты.

Ал 10 жасар қыздың ата-анасы ешқандай шағым жоқ деген құжатқа қол қойыпты. Тараптар қандай келісімге келгені-келмегені белгісіз.

Талқылау