Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаман болды": Арапбаева күйеуінің коронавируспен ауырған кезі жайлы 

2020 жылдың басында елімізді жайлаған індет Маржан Арапбаеваның отбасын да айналып өтпеген. Әнші коронавирустың жеңіл түрімен ауырса, жолдасының өкпесі қабынып, қатты сырқаттанған.


Бұл туралы Маржан Арапбаева Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

Айтуынша, былтыр маусым айында жолдасы екеуінен коронавирус анықталған. 

"Күйеуімнің туған күнінде жолдасым екеуміз бірге ауырдық. Мен жеңіл, жолдасым ауыр түрімен. 

Жаман болды. "Олай-бұлай болып кетсем, балаларға қара" деген әңгіме айта бастады. Адамды қорқытпашы, болмайтын нәрсе айтпашы, – дедім.
30 пайыздан аса өкпесі қабынды. Кәдімгідей ауырды. Мен қасында қолдау білдіріп жаттым. Иіс, дәм сезбеу, әлсіреу сияқты белгілер болды", – дейді өзі.

Аты жаман індетті жұқтырса да, Арапбаева жаман ойдан аулақ болған. Вирусты жеңіп шығатынына еш күмән келтірмеген. Бұған өмірлік оптимистік ұстанымы көмектесіпті.

"Оны "серьезный" ауру деп қабылдамадым. Шыны керек, сол кезде үлкен кісілер көп келіп жатты. Аппаратпен, өздігінен демала алмай жатқандар көп болды. Сол кезеңде өте көп адамнан айырылдық. Елімізге әйгілі адамдар, ұлы тұлғалар, композитор, актерлер, қаншама жастар кетіп қалды. Сол кезде қорқа бастадық. Тезірек осы індеттен құтылсақ екен деп Құдайдан күнде соны тілейміз", – дейді Маржан. 

Қуанышқа орай, әнші де, күйеуі де бұл індеттен жазылып шыққан.

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 01 Шілде, 2021 09:12
Талқылау