Жалғызбасты ана ұлына әкесін жоқтатпау үшін мектепке ер адамша киініп келді (фото)
АҚШ мектептерінде «оқушылар мен әкелерінің кездесуі» атты арнайы шара өткізіледі. Аталмыш шара оқушылар мен олардың әкелеріне арналған.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Техас штатының тұрғыны Ивет Васкез бұдан хабарсыз болған. Бірінші қыркүйекте ұлы Элайджа оқитын мектепке келген жалғызбасты ана мектеп ауласынан тек ер адамдарды көрген. Мән-жайды білгеннен кейін Иветтің ойына керемет идея келді. Тез арада үйіне қайтқан ол ер адамдарша киініп, мұрт жабыстырып, қайтып келді. Мұндай қадамға жалғыз басты ана ұлына әкесін жоқтатпау үшін барып отыр.
Көп ұзамай Васкез жаңа образдағы суретін желіде жариялаған. Жалғыз басты әйелдер қауымы оны қолдап, баланы жалғыз тәрбиелеудің қаншалықты қиын екендігін түсінетінін тілге тиек еткен. Ал Васкездің өзі болса, мектепте «оқушылар мен әкелердің кездесуінен» бөлек «толық емес отбасыларға» арналған шаралардың өткізілуі керектігін басып айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Жалғызбасты ана сегіз баламен далада қалуы мүмкін
Күйеуі алимент төлемейтін жалғызбасты ананың өмірі жайлы ролик көрген адамды елжіретті (видео)
Қазақстан билігі жалғызбасты аналарға жәрдемақы беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды
Шымкентте жалғызбасты ана 6 баласына мектеп құралдарын алып бере алмай отыр