"Жалғыз қалсам да": Шахизада күйеуінің өкінетінін айтты
Шахизада бұрынғы күйеуінің өкінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.
Ажырасып кетсе де, ұлын әкесінен алшақтатпай өсірген Шахизада Байпатшанова бұрынғы күйеуінің өкінетінін жасырмады. Тіпті бұрынғы жары телефон соғып сөйлесуді өтінетін көрінеді. Алайда, өнер иесі бұлай болғанын қаламайтын сияқты.
"Өйткені әкесі баласына менің қателігімді қайталама деп айтыпты. Өкінеді соған қарағанда. Маған да телефон соғып, сөйлесейікші дейді", - деп ағынан жарылды Шахизада.
Әнші бұйрынғы күйеуінен көңілі қалғандықтан, ұлы қанша қаласа да бұрынғы күйеуімен бірге тұра алмайтынын жасырмады. Ол кісі қанша өкінгенімен бәрі кеш деп отыр Шахизада Байпатшанова.
"Мен бірақ көңілім қалғаннан кейін, мына өмірде жалғыз қалып бара жатсам да, бірақ жалғыз қалмаймын құдайға шүкір, баламның әкесімен тұра алмаймын. Сондай жағдайға жеткен адаммын. Көңілім қалған. Мен бір көңілім қалған адамға қайтадан орала алмаймын. Соған қарағанда қателігін түсінген шығар. Алайда, кеш", - дейді Шахизада.