"Жалғыз да орындай аламын": Нұржан Керменбаев "Егіз-лебіз" әні туралы
Нұржан Керменбаев "Егіз-лебіз" әні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасына сілтеме жасап.
Тимур Балымбетов Нұржан Керменбаевты студияға шақырып, алдамақ болған. Халыққа орыс тіліндегі ән ұсынған Керменбаевты орысшы сұхбатқа шақырған ол өнер иесінің сөйлеу қабілетін тексерген.
Нұржан Керменбаев әңгіме арасында сахнаға алып шығып, күллі халықты аузына қарататын ән туралы айтып берді. Нұржан Керменбаев Салтанат Бақаевамен бірлесіп орындаған "Егіз лебіз" әнін үлкен сахналарға ұсына алатынын жеткізді. Тіпті өнер иесі бұл туындыны жалғыз орындау қиын емес екенін айтып мақтанған.
"Егер 200 мың адам шашылып қалатындай ән керек болса, ол - "Егіз-лебіз" әні. Бірақ бұл менің әнім емес. Менің әнім болмаса да, мен оны жалғыз да орындай аламын. Бұл маған қиындық тудырмайды", - дейді Нұржан Керменбаев.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн