"Жалғыз басты анаға 2 миллион теңге алдырған": Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты тағы бір дерек пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елге танымал журналист Руслан Өтепбай тағы мәлімдеме жасады.
"Видеодағы аудионы Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке жіберген. Мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Илияс, анасының ауырып жатқанын алдыға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады" , – дейді журналист.
-
"Жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті": Президент қайырымдылыққа деп ақша жинап, жеке басының пайдасына жарататындарға ескерту жасады
-
"5 үй, 4 көлік, Cartier, Rolex: Қайырымдылық қорынан ақша жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың тәркіленген дүние-мүлкі көрсетілді
Айта кетейік, әлеуметтік желідегі парақшасында Ілияс Сариев өзін "қазақтың Робин Гуды" деген лақап атпен концерттер мен тойларды ұйымдастырушы ретінде таныстырады. Instagram парақшасында белсендінің 600 мыңнан астам оқырманы бар.
Ал "Елге көмек" қорының парақшасына шамамен 400 мың адам жазылған. Қор балалар мен қарттар үшін көмек жинау туралы жазбалар жариялап отырған. Алайда қордың ресми тіркеуден өткен-өтпегені белгісіз.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
