Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов жақында ғана еуропалық Oktagon тұжырымымен келісімшартқа отырып, кезекті жекпе-жегін осы лигада өткізетін болды. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз өзінің дебюттік кездесуін 9 қараша күні, Словакияда өтетін турнирде өткізеді. Осыған дейін UFC промоушенінде бақ сынаған отандасымыз мансабының жаңа белесін бастағалы жатыр.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өткізді. Ол сол жекпе-жекте америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің  шешімімен жеңген еді. 

Талқылау