Жалғас Жұмағұловты UFC-де жеңген бразилиялық спортшы қазақстандық лиганың белбеуі үшін жекпе-жекте жеңілді
Әлемге әйгілі UFC тұжырымында Жалғас Жұмағаловты жеңіп кеткен бразилиялық спортшы қазақстандық лиганың чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Alash Pride
Қазақстандық араласы жекпе-жек майталманы Руслан Сариев UFC тұжырымында Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық спортшы Раулиан Пайвамен Alash Pride тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. 61 келі салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салған спортшылар 5 раунд жұдырықтасып, қазақ жауынгері қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, “Алаш прайд” тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Руслан Сариев шаршы алаңда 18 жекпе-жек өткізіп, он бесінде жеңіске жетсе, Пайва UFC-де 7 кездесу өткізіп, 4 жекпе-жекте жеңіске жеткен.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ