"Жалған сөйлеуге қалай дәтің барады": Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисаның жалған сұхбат бергенін айтты
Фото: Stan.kz
Танымал актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайының жалған сөздерін әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актердің сөзінше, әйелі фильм шығарғаннан кейін ажырасып кеткен.
“Экс-ханым, берген сұхбатыңда "Таптым-ау сені" фильмін түсірмей тұрып, кетіп қалдым депсің. Онда неге сол кинодағы мотоцикл заң жүзінде менің атыма тіркеледі? Неге онда сол мотоциклді саған айдап үйретемін? Халыққа соны ашып айтсаң. Ашып айта алмасаң, мен айтамын шындықты! Халықтың алдында жалған сөйлеуге қалай дәтің барады?!”, – деп ашуланды ол.
Одан кейін жер үйді де өзі несие алып, салғанын жасырмады.
“2012 жылы жерді өзім алдым, әкем сол жердің басына палатка құрып қонып жатып, өзі бастап тұрғызып берген. 2015 жылы өз атыма несие алып, той басқарып, жұмысшылар жалдап, өзім салғанмын. Сол 2007-2015 жылдар аралығында қай жерде жұмыс істеп едіңіз? Қай жерде жұмыс істеп, қай ақшаңа салып едің?" – деп шүйлікті Дархан Мұсаев.
Еске салайық, Дариға Бадықова "Менің ақшама екі рет Меккеге барып келді" деп айтқан еді.

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
