Қазақстанда психологтардың бірыңғай тізілімі енгізіледі: Мәжіліс заң жобасын қарауда

Қазақстанда психологиялық көмек мәселелерін реттейтін жеке заң пайда болуы ықтимал. Депутаттар заң жобасын талқылауды бастады. Бұл заң алғаш рет осы саладағы мамандар үшін нақты ережелерді енгізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, "Психологиялық қызмет туралы" заң жобасы бұл саладағы жұмыстың құқықтық негізін қалыптастырып, оны жүйелі әрі кешенді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
"Бұл – азаматтардың психологиялық денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам. Заң жобасында психологиялық көмек қызметінің өкілеттігі, түрлері мен мазмұны анықталады. Сондай-ақ психологиялық қызметтің негізгі қағидаттары мен бағыттары нақты көрсетіледі. Барлық психологтар арнайы реестрге тіркелетін болады", – деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бұл реестр заңсыз түрде психолог болып қызмет көрсететін адамдардың жолын кесуге көмектеседі.
Ережеге сай, енді барлық психолог біртұтас базаға тіркелуге міндетті болады. Қазір жұмыс істеп жүрген мамандарға тіркелу үшін 2 жыл берілген. Одан бөлек:
- Жұмыс істей алатындар тек профильді білімі барлар (педагогикалық немесе медициналық) немесе қайта даярлықтан өткендер (кемінде 900 сағат).
- Психологтарға медициналық диагноз қою, дәрі тағайындау және сананы өзгертуге әсер ететін әдістерді қолдануға тыйым салынады.
- Терапия үшін жазбаша келісім міндетті болады. Сеансты аудио немесе видеоға жазу тек клиенттің рұқсатымен.
- Жасөспірімдерге консультация (мектептен тыс және төтенше жағдайдан басқа) тек ата-анасының келісімімен жүргізіледі.
- Сонымен қатар психологтар әр бес жыл сайын біліктілігін көтеруге міндетті болады.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды