AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалаңаштап, соққыға жықты": Полицейлер жеті әйел мен бір ер адамды бақсылықпен айналысты деп қинаған

Перу билігі бақсылықпен айналысты деп айыпталған жеті әйел мен бір ер адамды босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ауылдық патруль 29 маусым күні Чилидің Патас провинциясының тұрғындарын ұрлап кеткен. Полицейлер перулық әйелдері тұтқында ұстап, жалаңаштап қамшымен ұрып-соғып, бақсы екенін мойындауларын талап етті.

Бұл оқиға желіде тараған видеодан кейін кеңінен танымал болды. Видеолардың бірінде полицейлер әйелді қорлап жауап алып жатқанын байқауға болады. Тағы бір видеода егде жастағы жәбірленушінің денесінің көгергені көрсетілген. Тұтқындалғандарды қинау екі апта бойы жалғасты.

Перудің бас прокуратурасы әйелдердің босатылғаны және оқиғаға қатысты тергеу басталғаны туралы хабарлады. Өз кезегінде Чили округінің ауылдық патрульдік қызметінің президенті жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қарамағындағылардың әрекетін ақтап алуға тырысты. Ол ұсталғандардың бақсылық жасағанын мойындап, басқа жаққа көшуге уәде бергенін айтты.

Елдің шалғай аймақтарында 20-ғасырдың екінші жартысында қылмыстың өсуімен күресу үшін ауылдық патрульдер құрылды. 1980 жылдары үкіметке қарсы маоисттік Сендеро Луминосо тобы билікке қарсы партизандық соғысты бастағанда, мемлекет көтерілісшілермен күресу үшін ауыл патрульдерін құруға ықпал ете бастады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр