Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаштанған Ділназ Ахмадиева ұлт-аралық жанжал туғызды

Ділназ Ахмадиева жалаңаштанған суретін ел назарына ұсынып, қатты ұрыс естіді.

Screenshot_14

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ділназ Ахмадиева Түркияда демалған. Әнші күні кеше су киімімен түскен суретін жариялады. Сондай-ақ хештег арқылы #Жаратқанға алғыс айтты. Жұрттың ызасын тудырған да осы нәрсе еді.

«Масқара, халықтың адамы емессіз бе?», «енді сахнаға шықпасаң да болады», «мынадай тұрысымен Жаратқанға алғыс айту – оған деген құрметтің жоқтығы», «Мұсылмандыққа жат қылық», «Фуу, жиіркенішті», – деп жазды желі қолданушылары.

Ділназдың бұл қылығы ұлт-аралық жанжалдың да бір себебі болды. Келесі бір желі қолданушылары оның ұлты жайында әңгіме өрбітті.

«Қазақ емес, ұйғыр болғандығы да оны сақтап отыр, не істесе оны істесін», «бастысы қазақ емес», «қазақ болмаса да мұсылман, мұнысы ұят» деп жазған желі қолданушыларына келесі оқырмандар: «қазақтар өздеріңе қарап алыңдар», «ұлтқа бөлудің қажеті жоқ», «сендердің де қыздарың жүреді темекі шегіп», – деп ұрысқан.

Ділназдың дене бітіміне қызығып, сұлулығына тамсанғандар да аз емес.

Айта кетейік, күні кеше оқырмандары Ахмадиеваға репертуарын ауыстыруға кеңес берген еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ділназ Ахмадиева жас жігітпен бірге Түркияда демалып жатыр (фото)

Ділназ Ахмадиеваның әнші ағасы үйленді

Ділназ Ахмадиева жаңа сүйіктісін көрсетемін деп өкініп қалды (фото)

Ділназ әкесінің “Тақиялы періште” фильмінде ойнағанын айтып мақтанды

Талқылау