Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиеваның әнші ағасы үйленді

Бір кездері Ділназ Ахмадиевамен бірігіп ән салған Ділшат Ахмадиев шаңырақ көтерді.

Screen Shot 2016-08-09 at 10_36_18

Фото: comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тамыз айында қазақстандық бойжеткендер үш бірдей бойдақпен қош айтысты. Олар – Асылбек Еңсепов, Еркебұлан Мырзабек, Ділшат Ахмадиев. Алғашқы екеуі тойларын дүркіретіп жасап, өнердегі әріптестерін шақырған. Ал Ділшат керісінше өміріндегі айтулы оқиғаны жұрттан жасыруды жөн көрген. Тіпті, Ділназдың өзіне желіге сурет салуға тыйым салса керек.

Әншінің тойға дайындалып жатқаны туралы хабар осы күнге дейін еш жерде айтылмады. Десе де, ұзын құлақтан естіп тойға барған БАҚ өкілдерін кіргізбей қойған. Әншінің болашақ жары туралы ақпарат беруден де бас тартқан. Тек есімінің Әсел екені ғана белгілі.

00000

Yvision.kz платформасында жарияланған блогтардың бірінде әншінің отбасы бар екені жазылған. Ал блог 2011 жылдың сәуір айында жарияланған екен. Яғни Ділшат бұл жолы екінші рет үйленген болуы мүмкін.

Ділшат Ахмадиева Алматы қаласында дүниеге келген. Музыка мектебінде 7 жыл білім алып, артынша Чайковский атындағы музыка училищесіне тапсырады. Аталған оқу орнын тәмамдаған соң эстрада-цирк колледжінде білім алады. Өзі дүниеге келмей тұрып құрылған “Яшлык” тобында өнер көрсеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал КВН ойыншысы Еркебұлан Мырзабек шаңырақ көтерді (фото)

36 жастағы Асылбек Еңсепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Қазақ боксшысы Жанқош Тұраров шаңырақ көтерді

Жазушы Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

Талқылау