Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш суретін желіге жариялаған қостанайлық полицей әйелдің суреті желіде шу болды (фото)

Қостанайлық полицейдің жалаңаш суретін желіге анасы жариялаған. Анасы қызының суретін көрсетіп, өзгелерге мақтанғысы келіпті, деп хабарлайды Время.

Қостанайда ювеналды полицияның аға қызметкері Гүлмира Лежнина желіде дау болған суреттің қалай тарап кеткенін айтты.

«Мен фототүсірілімге қатысқанымды, қандай көйлекпен суретке түскенімді білем. Бірақ желіге нақты қай суреттің тарап кеткенін білмеймін. Ол суреттерді менің рұқсатымсыз анам желіге жариялаған екен. Құрбыларына қызын көрсетіп мақтанбақ болған. Қазір анаммен сөйлесуге бара жатырмын. Неліктен бұлай жасағанын сұраймын. Бірақ ол суреттен ешқандай қылмыс көріп тұрған жоқпын. Мен спортты купальник киіп тұрмын. Денемнің тек бір бөлігі ғана көрініп тұр. Дегенмен, әсіресе, менің лауазымымдағы қызметкердің осындай сипаттағы суреттерін желіде жарияламау керек екенін білем», – дейді ол.

Ал, бұған қатысты заң не дейді?

«Мемлекеттік қызметкер мұндай жағдайда суреттің өшірілуін қадағалау керек. Егер өзі емес, өзгелер жариялап жатқан болса, ол үшін қызметкерді кінәлаудың керегі жоқ секілді», – дейді мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының жетекшісі Мэлс Абдрахманов.

Тағы да оқыңыз:

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

Атырауда әйелі мен баласын перзентханадан шығарып алмақ болған ер адам шоу ұйымдастырды (видео)

Талқылау