"Жалаңаш қаламын деп уайымдама": Ашық образдағы танымал тележүргізуші желіні шулатты
Отандық тележүргізуші Мақпал Қаратай ашық образдарымен көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында оқырманға “өзін табудың” жолын көрсетті.
“Өзіңді өзектен табасың. Бірақ ол өзектің сыртын қаншама барьер, қаншама маска, қаншама тұжырым, қаншама қорқыныш қаптап тұр. Қорықпай сыпырып ал, “жалаңаш” қаламын деп уайымдама, сыртыңнан жапсырып алғанға жабыспа. Өзіңе, яғни өзекке жеткенде өмірің екеуіңнің ортаңда ешқандай тосқауыл қалмайды. Енді ортада кедергі жоқ. Сол кезде ғана өз өміріңмен бір бүтінге айналасың. Әйтпесе миыңдағы тар әлем кеудеңді қысып барады. Ішіңдегі әлемді ұлғайту үшін Өзіңді табуға тиіссің. Сонда ғана сен өмірдің тілін ұғасың. Әр сәтті сезесің, жапырақпен бірге дірілдейсің, қауырсынмен бірге ұшасың, гүлдермен бірге бүр жарасың, бұлттармен бірге қалықтайсың. Сол сәтте ғана Жаратушының жарық дүниеге дәл сені не үшін жібергенін ұғасың…” – делінген жазбада.
Соңғы кезде коуч ретінде танылып жүрген Мақпал Қаратай парақшасына ашық образдарымен түскен видеосын жүктеді. Мұны көрген желі қолданушылары тележүргізушіні оңбай сынап тастады.
“Әйел адам өзін-өзі ұстай білуі керек”, “Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады деген сөз бар”, “Мына кісі қуып кеткен бе?”, “Омырау мен санды жалтыратпай да әдемі шығуға болады ғой”, “Масқара”, “Европаға қанша еліктесеңіз де, олардай бола алмайсыз”, “Алжыған”, – деп жазды желідегілер.