Жалаң аяқ лезгинка билеген Жанар Айжанова желіні “жарды” (видео)
Бірер күн бұрын желіде жезтаңдай әнші Жанар Айжанованың үнді әніне билеген видеосы қызу талқыға түскен еді. Әнші аталған видеороликтің Өмірқұл Айниязовтың тойында түсірілгенін алға тартып, оны жария еткісі келмегенін айтты. Алайда желіде тарап кеткен соң, әнші бейнежазбаның жалғасын жариялауды жөн деп шешкен, деп жазады Stan.kz.
Жаңа видеода Айжанова жалаң аяқ күйде лезгинка биін билеген. Әнші бұл өнері үшін 100 доллар ұтып алғанын айтады.
“Құдай-ай, Өмірқұлдың 40 жасында би жарысқа қатысып, 100 доллар ұтып алған едім, хит болдым. Көрсетпей жасырып жүрсем, Өмірқұл парақшасына баяғыда салып қойыпты. Мынау соның жалғасы. “Ішкен ас түске дейін жетпейді, ықылас өмір бойы естен кетпейді” деген, барымды салып билеп, сүбелі үлес қостым осылай. Алла бұйырса, Өмеш 50 жасқа толып той жасаса Ұлықпанмен “Қара жорға” билеп, 500 доллар ұтып алсам деген есек дәмем бар”, – деп бөлісті Айжанова инста-парақшасында.
Желі оқырмандары әншінің мың бұралған биші екенін жарыса жазған.
“Ұялмай билеу де бір өнер ғой, жарайсыз маған ұнады”, “Грузиндер сіздің қасыңызда қалып кетті”, “Әпке, биді шашады екенсіз”, – деп пікір білдірді олар.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
“Қазақстан аруы” Айнұр Төлеуова екінші сәбиін дүниеге әкелді
Шиедей ерні-шубами как вишня: Журналист Баянның фильміндегі қате сөздерді тізіп берді
Мақсат Мұхитденов қызын сынағандарға тағы да жауап берді
Отандық әншінің 10 жыл бұрынғы суреті жұртты шошытты